×
519.41
600.85
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.41
600.85
6.41

ШҚО-да уақыт белдеуі бұрынғы уақытқа өзгермейді

ШҚО-да уақыт белдеуі бұрынғы уақытқа өзгермейді
Ulysmedia.kz коллажы

Шығыс Қазақстанда соңғы айларда қызу талқыланған уақыт белдеуін қайта өзгерту мәселесіне өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов нүкте қойды. Әкімнің айтуынша, бұрынғы уақытқа оралу қарастырылмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникациялар өызметінде өткен брифингте тұрғындар көтеріп жүрген уақыт белдеуін қайта қарау туралы сұраққа нақты жауап берді.

- Жаңа уақыт белдеуінде өмір сүріп жатқаны­мызға екі жылға жуықтады – нақтысы 1 жыл 8 ай. Бұл мәселе үкімет деңгейінде бірнеше рет талқыланды. Қазір уақыт белдеуін өзгерту сұрағы қарастырылып жатқан жоқ, – деді әкім.

Сақтағановтың айтуынша, тұрғындар үшін қолайлы болу мақсатында мекемелер тек жұмыс кестесін уақытқа сәйкестендірген.

Айта кетсек, 5 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыпқа нүкте қойып, жаңа уақыт белдеуі өзгермейтінін атап өткен еді.

Серіктес жаңалықтары