Ақтөбеде ерлі-зайыпты екі адам өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ерлі-зайыпты Аманжол Алмағанбетов пен Гүлжахан Шектібаева 20 қарашада күндіз сағат 10.00-де шығып, оралмаған.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Полиция мәліметінше, әйел адамның денесінде зорлық белгілері болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Одан кейінгі іс-шаралар барысында оның күйеуінің денесі де, өмір белгілері жоқ, асылып тұрған күйінде табылды.
Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс жүргізіп жатыр: қажетті процестікәрекеттер жасалып, аумақ тексерілуде, заттай дәлелдемелер жинақталуда.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Ерлі-зайыптының артында бес баласы қалды.