×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты

Бүгін, 08:25
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты
Фото: ПД

Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тауып, бесеуі зардап шеккен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға 24 қарашада Алматы облысындағы Алматы – Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 23 жастағы Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Toyota көлігімен соқтығысқан.

- Жол апатының салдарынан екі көліктің жүргізушілері және үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, медициналық мекемеде жан тапсырды. Бұдан бөлек, бес жолаушы әртүрлі жарақат алып, дәрігерлер бақылауында жатыр, – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Тергеу барысы Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, сегіз адам жан тапсырған еді. 

Серіктес жаңалықтары