×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

4 жыл әкім болып отырған Серік Шәпкенов отставкаға кете ме?

Бүгін, 14:08
4 жыл әкім болып отырған Серік Шәпкенов отставкаға кете ме?
Ulysmedia.kz коллажы

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қызметінің нәтижелері мен отставка мәселесіне қатысты нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ulysmedia редакциясына бұл сауалды өңір тұрғындары бірнеше рет жолдаған. Осыған байланысты тілші Шәпкеновтен 2022 жылдың сәуірінен бері атқарып отырған қызметін қашан босатуды жоспарлап отырғанын сұрады. Өйткені облыстағы бірқатар маңызды мәселе әлі де шешілмеген.

ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында сұраққа жауап берген Шәпкенов өзін саяси мемлекеттік қызметші ретінде сипаттап, өзінің жұмысына өзі баға беруді дұрыс деп санамайтынын айтты. Ал «отставкаға кету жоспары бар ма?» деген сауалға ол нақты жауап бермеді.

— Мен — саяси мемлекеттік қызметшімін. Сондықтан өз жұмысыма өзімнің баға беруім, менің ойымша, дұрыс емес. Менің жұмысыма бағаны халық пен басшылық беруі тиіс, — деді Серік Шәпкенов.

Серіктес жаңалықтары