Жол бойында тұрған адамдарды жол талғамайтын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Апат 22 қаңтарда шамамен сағат 18-де болды. ВАЗ-2110 көлігі техникалық ақауларға байланысты жолда тоқтап тұрған. Тойота көлігі оған артқы жағынан соғылып, салдарынан ВАЗ көлігі аударылды.
Белгілі болғандай, көліктің жүргізушісі мен жолаушылары жолға шығып, өздері тап болған жол-көлік оқиғасы жайды өтіп бара жатқан адамдарға белгі беріп тұрған, сондай-ақ өзге жүргізушілердің апат орнын айналып өтуіне көмектескен. Сол сәтте кенеттен жол талғамайтын көлік жоғары жылдамдықпен адамдарды қағып өткен.
Қатты соққыдан адамдар жан-жаққа ұшып кеткен. ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі, 1997 жылы туған ер адам көз жұмды. Тағы үш адам жедел жәрдеммен Екібастұздың Орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әлі хабарланған жоқ.