×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

«Бұған дейін орындықпен ұрып, басын жарған»: Айзат Жұманованың сотында не айтылды?

«Бұған дейін орындықпен ұрып, басын жарған»: Айзат Жұманованың сотында не айтылды?
ulysmedia.kz коллажы

Талдықорғанда күйеуі «ұрып өлтірген» Айзат Жұманованың қазасына айланысты сот процесінде куәлерден жауап алу жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында марқұмның қаза болғанға дейін бірнеше рет соққыға жығылғаны айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

«Бұған дейін Айзаттың басын орындықпен ұрып жарған»

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр маусымда күйеуінің қолынан қаза болған Айзат Жұманованың сотында марқұмның құрбысы Мадина Тоқтасыновадан жауап алынды. Ол Айзат Жұманованы күйеуі Айбар Жанболат үйленбей тұрып та бірнеше рет соққыға жыққанын айтты. Сөзінше, басын да жарып тастаған кездер болған.

«Ондай жағдай көп болды ғой. Ұрсысқан кездерін көп айтатын. Бастапқы үйленген кезде итеріп жіберді деп айтатын. «Біз отбасымыз ғой, ажыраспаймын» деді. Пәтерде тұрғанда басынан орындықпен ұрып, ауруханаға барған екен. Элья деген құрбымыз алдында айтып отыр. Орындықты ашу-ызамен ұрып жіберген кезде тексерілген екен», – деді ол.

Мадина Тоқтасынова. Фото: Ulysmedia.

Мадина Тоқтасынованың сөзінше, Айзат Жұмановаға бірнеше рет Айбар Жанболатқа тұрмысқа шықпай ақ қойсаңшы деген. Бірақ соған қарамастан, тұрмысқа шыққан, жақсы көретінін айтқан. Абар ешқандай себеп болмаса да қызғанатын болған.

«Айбардың бір жаман жері қатты қызғаншақ болатын. Біз бір жаққа барамыз деген кезде, бармайсыңдар дейтін. Мысалы, біз үйде отырған кезде өзі басқа қалада жүрсе де бізге адам жіберіп, тексеретін», – деді Мадина Тоқтасынова.

«Марқұм реанимацияға өлім ауызында келген»

Бұдан бөлек, сотта Айзат Жұманова қаза болған күні барған полиция қызметкерлері мен Жетісу облыстық ауруханасының реаниматологтан жауап алынды.

Тергеуші Әбдуәли Қалиасқаров Айзат Жұманованың денесінде жарақаттары барын, киімінде қан іздері болғанын айтты. Бірақ дене жарақаттарын нақты айта алмады.

«Аяқ тұсында, бет тұсында, қолдарында және кеуделерінде жарақаттар болды», – деді ол.

Әбдуәли Қалиасқаров. Фото: Ulysmedia.

Облыстық аурухана реаниматолог Мақсат Серікқанұлы Айзат Жұманова реанимацияға түскенде соңғы демі ғана болды деді. Оның сөзінше, марқұм реанимацияға өлім ауызында келген.

«Мен науқасты ең бірінші көрген кезде, көз қарашығы ұлғайған. Паталогиялық дыхания деп айтамыз, сондай жағдайда түскен. Сонная артерия дейміз, магистральная артерия дейміз соны көргенімде ешқандай қағыс болмады. Сондықтан бірден жүрек-өкпе реанимациясы болып кетті. 02:35-те маған түсті, 03:05-те биалогиялық өлім тіркелді.

Мақсат Серікқанұлы. Фото: Ulysmedia.

Үнсіздік және айыпты мойындамау

Бұған дейінгі процесте Айбар Жанболат сотта жауап беруден бас тартқан. Ол судьяға «әлі дайын емеспін» деген. Судья Әділет Бақытов жауап бермеуіне не себеп екенін сұраған.

«Уақыт сұрап отырмын. Басқа уақытта жауап беремін», – деген Айбар Жанболат.

Үшінші сот процесі өтсе де әлі жауап берген жоқ. Өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Прокурор Нұрлан Билібеков тергеу кезінде Айбар Жанболат масаң күйінде әйелі Айзат Жұманованы соққыға жығып, аса ауыр қылмыс жасағаны анықталды деген. Айыптау актісіне сәйкес, Айзат Жұманованың өліміне алып келген отбасылық жанжалға қызғаныш себеп болған.  Айбар Жанболаттың үстінен 99-баптың 1-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Сотталушы, Айбар Жанболат. Фото: Ulysmedia.

Контекст

32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы күйеуі ұрып өлтіргені жөнінде биыл маусымда белгілі болған. Сол уақытта марқұмды күйеуі атқа сүйреп өлтірді деген ақпарат тараған. Оқиға Баласаз ауылында болған.

Бастапқыда іс қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қозғалған. Кейіннен жәбірленуші тараптың шағымынан кейін іс 99-баптың 1-бөлігіне қайта сараланған. Бірақ адвокат Арман Шәріпов іс 99-баптың 2-бөлігімен саралануы тиіс деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары