×
510.18
601.91
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.18
601.91
6.51

Қытай ШҚО-да 12 млрд теңгелік жоба іске қоспақ

Бүгін, 12:30
Қытай ШҚО-да 12 млрд теңгелік жоба іске қоспақ
ЖИ / ulysmedia.kz

Қытайлық бизнес Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚХР-дан келген инвестор Өскемен қаласында бес жұлдызды қонақүй салмақ. Тиісті келісім қала әкімдігімен жасалған. Бұл туралы туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәлімдеді.

– Қала аумағында бес жұлдызды қонақүй салу жоспарланып отыр. Қытайлық инвестор шақырылды, ол 150 нөмірлі, құны 12 млрд теңге болатын қонақүй тұрғызуға ниетті. Қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірлесіп жер телімін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп келтіреді Сембиновтің сөзін yk.kz.

Жобаны іске асыру мерзімі нақтыланбады.

Серіктес жаңалықтары