Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты алқабилердің қатысуымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (КУИС) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Істі қарау қорытындысы бойынша алқабилер айыпталушыларды толық ақтау жөнінде үкім шығарды.
Тергеу органы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерін Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған, азаптау әдістерін қолданды деп айыптаған. Айып ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Азаптау») бойынша тағылған.
АЛҚАБИЛЕР
Алайда алқабилер айыпталушылардың кінәсіз екені жөнінде шешім қабылдады. Кеңесу бөлмесінде дауыс беру нәтижесінде қылмыс оқиғасының болмағаны және айыпталушылардың кінәсіздігі анықталған.
Іс бойынша 10 алқаби мен 1 судьяның әрқайсысы бір-бір дауыстан берген, дауыс беру кезінде ешқандай артықшылық болмаған.
Сот үкімімен ҚАЖК-нің 12 қызметкері кінәсіз деп танылып, ақталған азаматтардың оңалту құқығы бар екені көрсетілген.
Аталған үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.