×
504.76
593.8
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.76
593.8
6.5

Ақтөбе облысында 12 адам қаза тапқан жол апатының соты басталды, бірақ кінәлілер жоқ

Бүгін, 09:00
Ақтөбе облысында 12 адам қаза тапқан жол апатының соты басталды, бірақ кінәлілер жоқ
Видео кадры

Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот талқылауы басталды. Алайда іс бойынша жауапқа тартылатын тірі айыпталушы жоқ. Себебі жол қозғалысы ережесін бұзды деп танылған жүргізуші апат орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға екі ай бұрын Қарабұтақ ауылы мен Хромтау қаласын жалғайтын тас жолда болған. Жүргенов ауылынан таңғы сағат жетіде Ақтөбеге бет алған жолаушылар мінген «Газель» Белқопа ауылы маңында қарсы бағыттан шыққан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан 12 адам, оның ішінде 9 және 3 жастағы екі бала оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де сол жерде қаза тапты. Тағы алты жолаушы әртүрлі деңгейде жарақат алған.

КТК мәліметінше, қазіргі таңда сотта апаттың барлық мән-жайы жан-жақты қаралып жатыр. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерінің сақталуы, жолаушылар тасымалына қойылатын талаптардың орындалуы және жауапты тұлғалардың әрекеті зерделенуде. Сот отырыстарының нәтижесі бойынша тиісті құқықтық шешім қабылданады.

Қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алған бір жолаушы марқұм жүргізушінің жақындарынан моральдық әрі материалдық шығынды өндіруді талап етіп отыр. Алайда қарсы тарап бұл талаптармен келіспейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары