×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Атырауда полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды

06.01.2026, 13:37
Атырауда полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды
polisia.kz

Атырауда екі полиция қызметкеріне қатысты тергеу басталды. Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, Мақат ауданының тұрғыны полицейлерге 300 мың теңге берген.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдын ала ақпарат бойынша, бұл қаражат мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартпау мақсатында алынған.

Кейін ер адам ақшасын қайтаруды ұйғарып, Атырау облысының полиция департаменті жанындағы өзіндік қауіпсіздік қызметіне арызданған.

Өтініш 2025 жылғы 24 желтоқсанда тіркеліп, сол күні сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктілер жалпы жиналыс өтіп жатқан сәтте ұсталған.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан босатылды.

Редакция Атырау облысының полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Қазіргі таңда редакция түсініктеме күтіп отыр.

Серіктес жаңалықтары