×
512.83
600.58
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.83
600.58
6.36

Мәйіттер табылған: Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа дерек жарияланды

06.01.2026, 18:56
Мәйіттер табылған: Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа дерек жарияланды
Ұлысмедиа коллажы

Атырау облысында жоғалған отбасы ісіне қатысты алаңдатарлық деректер белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дереккөздерге сүйенсек, екі адамның мәйіті табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, адамдарды өлтіріп, шаруашылық құрылыстың ішінде жасырын жерлеген. Оған дейін бөлменің едені линолеуммен төселген.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізілуде. Қаза тапқандардың жеке басы әзірге ресми түрде расталған жоқ, алайда алдын ала деректер бойынша, олар отбасының жасы үлкен мүшелері болуы мүмкін.

Сондай-ақ бейресми дереккөздерде қылмысқа жоғалған отбасының күйеу баласының қатысы болуы ықтимал деген нұсқа айтылуда. Полиция бұл ақпаратты растаған жоқ, оны тек нұсқалардың бірі ретінде қарастырып отыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін полиция бірнеше адамның жоғалуына қатысты тергеу ауыр бап бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Редакция уәкілетті органдардың ресми түсініктемесін күтуде.

Серіктес жаңалықтары