×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Алматы маңында жол апаты болып, үндістандық студенттер қаза тапты

08.01.2026, 09:28
Алматы маңында жол апаты болып, үндістандық студенттер қаза тапты
Shutterstock

Алматы маңында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан Үндістаннан келген екі студент қаза тапты. Тағы үш шетелдік азаматтың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сейсенбі күні Алматыға жақын маңда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Үндістанның медицина факультетінің екі студенті көз жұмып, тағы үшеуі ауыр жарақат алды. Бұл туралы Үндістан медициналық қауымдастықтарының бүкілүнділік федерациясының (FAIMA) ұлттық атқару комитетінің мүшесі доктор Мохаммад Момин Хан мәлімдеді, деп жазады The New Indian Express.

СТУДЕНТТЕР ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Қаза тапқандар — Каран Пармар мен Риширадж Барайт. Екеуі де Раджастхан штатынан шыққан және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында білім алған. Ханның айтуынша, апат болған сәтте олар Шымкенттен Алматыға бет алған.

Ал зардап шеккендер арасында Раджастхан штатынан келген медицина студенттері Манжит Сингх Соланки мен Рахул Ядав, сондай-ақ Қазақстанға туристік визамен келген Гуджарат штатының тұрғыны Бриджешкумар Бхараткумар Бхати бар. Барлығы жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Доктор Хан Үндістанның Сыртқы істер министрлігіне марқұм студенттердің мәйітін отанына жеткізуге жәрдем көрсетуді сұрап жүгінген.

ЕЛШІЛІК НЕ ДЕЙДІ

Қазақстандағы Үндістан елшілігі зардап шеккендердің отбасыларымен байланыста екенін хабарлады.

- Алматы маңында болған, салдарынан Үндістанның 5 азаматы зардап шеккен, оның ішінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің 4 студенті мен Үндістаннан келген бір турист бар жол-көлік оқиғасына байланысты терең қайғырамыз. Олар Шымкенттен Алматыға бағыт алған. Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Астанадағы Үндістан елшілігі осы қайғылы оқиғада қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері Шри Каран Пармар (Раджастхан штатының тумасы) мен Шри Риширадж Барайттың (Раджастхан штатының тумасы) отбасыларына көңіл айтады. Біз зардап шеккендер — Шри Манжит Сингх Соланки (Раджастхан), Шри Рахул Ядав (Раджастхан) және турист Шри Бриджешкумар Бхараткумар Бхати (Гуджарат) тезірек сауығып кетеді деп тілейміз, – делінген хабарламада.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алматы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Алдын ала деректерге сәйкес, «Toyota Alphard» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Екі жолаушы кейін медициналық мекемеде көз жұмды, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары