×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Қаңтар оқиғасы: шеру кезінде тұтанатын қоспасы бар бөтелке таратқан ер адам ұсталды

19.02.2022, 14:24

Жамбылдық полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында тұтанатын қоспасы бар бөтелкелерді таратып жатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-ның мәліметінше, қаңтар айының 5-інен 6-сына қараған түні сағат 20:00 шамасында Тараз қаласының Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тоқтайды. Автокөлікте келе жатқан адамдар одан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып, жүксалғышқа салады. Бұл көліктің жүргізушісі бес литрлік тұтанғыш қоспаны алып, ұлымен бірге оны шыны бөтелкелерге құйып, шеруге  қатысушыларға таратқан.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі (Терроризм актісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.