Шымкентте 21 жастағы қыз кісі қолынан қаза тапты. Полиция дерегінше, қыз баланы пышақтап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Желідегі ақпарат бойынша, жігіт қызды көшеде қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап кеткен.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Полиция бұл деректі растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
- Оқиға бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде қарастырылып отырған адамның жеке басы анықталған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен таныс болған, – дейді полицейлер.
Қазір құқық қорғау органдары ер адамды іздестіріп, оны ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Істің басқа мән-жайлары тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.