×
509.84
595.75
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.84
595.75
6.47

Наурыздың телефоны жыл басында қосылып тұрған: жоғалған атыраулықтар туралы тың дерек

Бүгін, 09:00
Наурыздың телефоны жыл басында қосылып тұрған: жоғалған атыраулықтар туралы тың дерек
Ulysmedia.kz коллажы

Ulysmedia.kz тілшісі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының мүшелерін іздеу қалай жүріп жатқанын анықтады. Қаза тапқан ерлі-зайыптылардың қызы Ақбаянға да іздеу салынды.

Наурыздың телефоны қосылып тұрған

Қазіргі уақытта тергеушілер Жангелдин ауылындағы марқұмдардың үйлерін қарап жатыр. Ол жерден заттай айғақтар ізделіп жатыр.

— Іздестіріліп жатқан барлық адамның телефондары өшірулі. Алайда жоғалған Наурыздың телефоны бұрын анда-санда желіге қосылып тұрған. Соңғы рет осы жылдың басында қосылып тұрған, — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті біздің тілшімізге.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын тұрған Атыраудағы үй де тексерілген. Аулада қылмысқа қатысты іздерді табу үшін жер қазу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін Орал қаласынан арнайы жеткізілген георадар пайдаланылған.

— Тергеу қылмысқа басқа адамдардың, оның ішінде ықтимал сыбайластарының қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр. Полиция жаңа мәліметтер түскен сайын хабарлайтынын уәде етті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 2025 жылдың қазан айынан бері Жангелдин ауылының тұрғындары Мақсот Қарабалин, оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиева және балалары Мирагүл мен Наурыз туралы ешқандай ақпарат жоқ. Туыстарының айтуынша, отбасы аяқ асты жоғалып кеткен және содан бері байланысқа шықпаған.

6 қаңтарда екі мәйіт табылып, 7 қаңтарда жерлеу рәсімі өтті. 

Серіктес жаңалықтары