×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

ШҚО-дағы шошқа фермасының шуы: Компанияға жердің заңсыз берілгені анықталды

25.01.2023, 14:54
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның Жер комитеті Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында шошқа фермасын салуды көздеген «Eco Vostok LtD» компаниясына сол ауданда жердің заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер комитетінің төрағасы – Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржановтың хабарлауынша, Жер ресурстарын басқару комитетіне 2022 жылдың тамыз айында Ұлан ауданынан шағым түскен. Ондағы жергілікті тұрғындар Егінсу ауылдық округінде шошқа фермасын салу үшін жер учаскелері заңсыз бөлінгеніне наразы болған. Ізінше 2022 жылдың қыркүйек айында комитет тапсырмасына сәйкес, облыстың жер ресурстарын басқару департаменті іске кіріскен. Департамент Ұлан ауданы әкімдіктеріне қатысты «Eco Vostok LtD» компаниясына шошқа фермасын салу үшін жалпы алаңы 518 га жер учаскесін берудің заңдылығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген.

«Тексеру нәтижесі бойынша департамент жер заңнамасын бұзылғанын анықтамады. Алайда комитет барлық тексеру материалдарын зерделеп, тексерулер жүргізу кезінде департамент бірқатар бұзушылықтар жіберілгендігін анықтады. Бұл бұзушылықтар департаментке жолданып, бұдан бұрынғы тексеру нәтижелері туралы актілердің күші жойылып, департамент тексеру шараларын қайта жүргізді», - дейді Мұрат Теміржанов.

Қайта тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының және 97-бабының талаптары бұзылғандығы анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылғы 23 қарашада жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің, жер учаскелерін жалға алу шарттарының күшін жою туралы сотқа (МАЭС) талап-арыз жолдаған. Қазіргі таңда аталған талап-арыз сотта қаралып жатыр.

Еске сала кетсек, Ұлан ауданында шошқа фермасын салу мәселесі бұған дейін Айыртау ауылдық округінде де қаралған. Алайда ондағы халық қарсы болып, өз аумағында ферманы салғызбай қойған. Ақыры, компания Егінсу ауылдық округін көздеген. Алайда ол жақта да жергілікті халық шошқа фермасын салуға қарсы шығып, құзырлы органдарға шағымданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары