×
509.75
594.67
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.75
594.67
6.46

Теміртауда 40-қа жуық үй жылусыз қалған

Бүгін, 14:51
Теміртауда 40-қа жуық үй жылусыз қалған
Ulysmedia.kz коллажы

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында 40-қа жуық үй жылусыз қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ақпарат телеграмда пайда болды. Желідегі ақпаратқа сәйкес Теміртауда апаттық жағдай болған. 40-қа жуық үй мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалған.

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ

Қала әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай 8-шағынауданда болған. 

Қазіргі уақытта барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, жылу трассасы толтырылған, барлық көппәтерлі тұрғын үйде жылу қосылған. 

- Технологиялық үдерістерге байланысты үйлер мен пәтерлердің толық жылынуына біршама уақыт қажет болуы мүмкін екенін назарға саламыз. Жылудың болмауы немесе сұрақтар туындаған жағдайда диспетчерлік қызметке хабарласуларыңызды сұраймыз, – дейді әкімдік өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары