×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Алматы облысында 32 жастағы жігітті өлтірген күдікті шекарада ұсталды

25.01.2023, 16:28
Алматы облысында 32 жастағы жігітті өлтірген күдікті шекарада ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, 24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданы полициясына оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

“Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. 1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды”, – делінген хабарламада.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Серіктес жаңалықтары