×
510.43
594.86
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.43
594.86
6.49

Шымкентте үндістандық студентке шабуылдаған тұрғын жазаланды

Бүгін, 11:22
Шымкентте үндістандық студентке шабуылдаған тұрғын жазаланды
Видео кадры

Шымкентте үндістандық студентке тиіскен базар күзетшісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Х.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік іс қаралды.

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ?

Х. 2026 жылдың қаңтар айының 11 күні қаланың «Қырғы базарында» Үнді Республикасының азаматы С.-ны дөрекі сөздермен балағаттап, ұялы телефонын қолынан жұлып алып, қоғамдық орында мазасын алған.    

ТАРАПТАР ДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Базар күзетшісі сотта өз кінәсін мойындап, өкінетінін соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауын сұрады. Жәбірленуші кешірім бергенін, араларында ешқандай араздықтың жоқ екендігін көрсетті.

СОТ ШЕШІМІ

Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы да басқа іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, аталған мән-жайларға сүйене отырып, құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін ал, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот Х.-ны ӘҚБтК-нің 434 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған  20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Серіктес жаңалықтары