×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сірке суын ішкен: Сарыағашта суицидке барған мектеп қызметкерінің ісі тергеліп жатыр

26.01.2023, 08:24
Сірке суын ішкен: Сарыағашта суицидке барған мектеп қызметкерінің ісі тергеліп жатыр
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында сірке суын ішіп өлмек болған әйелге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, 20 қаңтарда Сарыағаш АПБ-ға орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып түскені туралы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты.

Анықталғандай, жәбірленуші аудан мектептерінің бірінде қызмет істейді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 1 бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді.

“Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады полициядан.