Шымкентте көліктері соқтығысып қалған жүргізушілер төбелесіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алдын ала мәлімет бойынша, Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында екі автокөлік соқтығысқаннан кейін жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал шыққан. Қақтығысқа тағы бір көліктің ішіндегі адамдар араласып, дау төбелеске ұласқан. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 10 адам төбелескен.
Жанжал барысында бірнеше ер адам пышақ жарақатын алған. Олардың екеуі ауруханаға жеткізілген, біреуінің денесінен көптеген пышақпен сұғылған-кесілген жарақаттар анықталған. Тағы бір ер адамды белгісіз адамдар күштеп қала сыртына алып кеткен. Кейін ол өлі күйінде табылған.
ПОЛИЦИЯ
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан ер адам 40 жаста болған. Бұл факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, қалалық ПД-ның барлық күш-құралы жұмылдырылған.