×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Шымкентте вандалдар 50 млн теңгелік дәретхананы қиратып кеткен

Бүгін, 10:01
Шымкентте вандалдар 50 млн теңгелік дәретхананы қиратып кеткен
Видео кадры

Шымкент қаласында орнатылған смарт-әжетханаларды вандалдар қиратып кеткен. Жобаны іске асырушылардың айтуынша, қоғамдық нысандарда гүлдердің сындырылуы, кәріз жүйесінің бітелуі және интерьер элементтерінің зақымдалуы жиі болып тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Otyrar.kz мәліметінше, бұл жолы белгісіз екі адам әжетхана ішіндегі техникалық жабдыққа зиян келтіріп, сымымен қоса фенді жұлып кеткен.

Жоба менеджері Милана Перемитинаның айтуынша, оқиға әдейі жасалған.

— Кеше жағымсыз жағдай болды. Біз вандализм дерегіне тап болдық. Екі жас жігіт жобамыздың мүлкіне қасақана зиян келтірді. Олар смарт-әжетхананың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет жабдықты ұрлап кеткен, — деді ол.

Аталған дерек бойынша жоба қызметкерлері полицияға арыз жазған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұл — қоғамдық инфрақұрылым нысандарына қатысты алғашқы жағдай емес. Былтыр белгісіз ер адам Арбат аумағындағы фастфуд орындарының есіктерін құрылыс көбігімен бітеп кеткен болатын. Кейін ол ұсталған.

Мамандардың мәліметінше, бір смарт-әжетхананың құны шамамен 50 миллион теңге. 

Серіктес жаңалықтары