×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Семейде қария екі полиция көлігін өртеп жіберген

Бүгін, 14:44
Семейде қария екі полиция көлігін өртеп жіберген
Видео кадры

Семейде зейнеткер екі полиция көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға қаладағы «Юность» шағын ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, көліктер әдейі өртелуі мүмкін деген болжам айтылған. Алайда бұл ақпаратты ресми органдар әзірге растаған жоқ.

ТЖД НЕ ДЕЙДІ

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, 25 қаңтарда Семей қаласында техногендік өрт тіркелген.

- 101 пультіне хабарлама түскеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жіберілді. Уақытша автотұрақта тұрған екі жеңіл көлік жанған. Өрт өрт сөндірушілер жеткенге дейін сөндірілген, кейін қосымша су себу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталуда. Құқық қорғау органдары тарапынан тексеру жалғасып жатыр.

ПОЛИЦИЯ ЖАУАБЫ

Ал Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 25 қаңтар күні сағат 18:10 шамасында бұрын сотты болған 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында заңсыз әрекетке барған. Яғни ол полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan маркалы екі автокөлікті өртеп жіберген.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары