×
498.65
589.06
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.65
589.06
6.49

СҚО-да оқушы қыз өзіне қол жұмсаған: жағдайы ауыр

Бүгін, 13:40
СҚО-да оқушы қыз өзіне қол жұмсаған: жағдайы ауыр
Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы мектеп оқушысы ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қазір ол көпсалалы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Оқиға 4 ақпанда Айыртау ауданы аумағындағы Гусаков орта мектебі ғимаратында болған. Сабақ кезінде оқушы дәретханаға шығып, қайта оралмаған. Іздеу барысында оны ішінен жабылған дәретханадан тапқан.

Жедел жәрдем шақырылып, қыз бала алдымен аудандық ауруханаға жеткізілген, кейін жағдайының ауырлауына байланысты санитарлық тікұшақпен Петропавл қаласына шұғыл эвакуацияланған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, санитарлық авиация зардап шеккен балаға мамандандырылған көмек көрсету үшін жедел ұйымдастырылған.

Құқық қорғау органдарының әрекеті

СҚО полиция департаменті болған жағдайға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп хабарлады ведомствоөкілдері.

Оқушының денсаулығы қалай? 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, оқушы химиялық күйік диагнозымен жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

- Бүгінгі таңда баланың жағдайы аса ауыр деп бағаланады. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шара қабылдануда, – делінген хабарламада.

Айта кетейік

Дәрігерлер сірке қышқылы ауыр химиялық улануға әкеліп, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш пен асқазанның шырышты қабаттарын күйдіретінін ескертті. Мұндай улану тыныс алудың бұзылуы, ішкі қан кету және ішкі ағзалардың зақымдануы сияқты өмірге қауіпті асқынуларға себеп болуы мүмкін. Тіпті дер кезінде көрсетілген медициналық көмек жағдайында да науқастың ахуалы ұзақ уақыт бақылауды және оңалтуды қажет етеді.

Серіктес жаңалықтары