×
498.65
589.06
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.65
589.06
6.49

Алматы облысында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсап мерт болған

Бүгін, 16:35
Алматы облысында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсап мерт болған
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысындағы Самсы ауылында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсаған. Марқұмның анасы баласының өліміне мектеп тарапынан көрсетілген психологиялық қысым себеп болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бала өзіне қол жұмсауға бейім болмаған

Марқұмның анасы Мақпал Әміртаеваның сөзінше, Нұрислам көпбалалы отбасында тәрбиеленген, ашық мінезді, өмірге құштар бала болған. Ол ешқашан өзіне қол жұмсауға бейімділік танытпаған, деп жазады kaskelenkz.

Қайғылы оқиғаға былтыр 10 қарашада оқушылар арасында мектептен тыс жерде болған төбелес түрткі болған. Кейін амбулаторияда өткен кездесуде екінші тараптың анасы баласына қатысты ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан. Алайда осыдан кейін мектеп психологы жағдайды ушықтыра түскен.

Мектеп әкімшілігінің әрекеті баланың психологиялық күйіне әсер еткен

11 қараша күні кешкі уақытта тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Айдар Чанчаров Нұрисламның үйіне келген. Ол төбелеске қатысты бейнежазбаны талап етіп, жасөспірімге дөрекі сөздер айтып, психологиялық қысым көрсеткен.

Ананың жанайқайы: «Баламды менің көзімше қорлады»

Мақпал Әміртаева сол күнгі жағдайды егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, Чанчаров сыртқа шыққан сәттен бастап баланың телефонын тексеріп, төбелес видеосын іздеген. «Ерте тарап кетсе, бізге сөгіс жарияланады» деп, жасөспірімді анасының көзінше ұрысқан.

Кейін ол баланың досына хабарласып, видеоны тез жіберуді талап еткен. Видео келген соң анасы оны таратпауды сұрап, баласына қатты ұрыспауын өтінген. Алайда тәрбие меңгерушісі үйге бірге кіріп, қысымды жалғастырған.

Ананың айтуынша, ол баласына ауыр, қорлайтын сөздер айтып, «сен сияқтыларды балалар колониясына қамау керек» деп жекіген. Сонымен қатар «ертең видео тараса, ата-анаң ата-ана құқығынан айырылады» деп қайта-қайта қорқытқан. Анасы мұндай сөздерді балаға айтуға болмайтынын ескерткенмен, ескертуі еленбеген. Ақырында ол мектеп өкілін үйден шығуын талап еткен.

Тергеуге қатысты сұрақтар көп

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған. Алайда марқұмның анасы тергеу толық әрі жан-жақты жүргізілмегенін алға тартады.

Оның айтуынша, жәбірленуші тарап пен куәгерлерден жауап алынбаған, балаға қысым көрсеткен адамдарға қатысты ешқандай шара қолданылмаған. Сонымен қатар, істі дұрыс бағалау үшін аса маңызды саналатын психологиялық және психиатриялық сараптамалар тағайындалмаған.

Егер кінә дәлелденсе, бұл бап бойынша 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары