×
489.99
580.25
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.99
580.25
6.38

Түркістанда ер адам әйелін скотчпен байлап, психиатриялық орталыққа мәжбүрлеп орналастырған

Бүгін, 15:19
Түркістанда ер адам әйелін скотчпен байлап, психиатриялық орталыққа мәжбүрлеп орналастырған
ЖИ / ulysmedia.kz

Түркістанда әйелін скотчпен байлап, психиатриялық орталыққа мәжбүрлеп орналастырған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түркістан қаласының ауданаралық соты бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған Д., Ю. және М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Тергеу органымен Д.-ға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау (ҚК 125-бабы 2-бөлігі 1) тармағы), психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (ҚК 127-бабы 1-бөлігі) және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау (ҚК 287-бабы 3-бөлігі) айыптары тағылған.

Ал Ю. мен М.-ға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау (ҚК 125-бабы 2-бөлігі 1) тармағы және психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруға жәрдемдесу (ҚК 28-бабы 5-бөлігі – 127-бабы 1-бөлігі) бойынша айып тағылды.

СОТТА АНЫҚТАЛҒАНЫ

Сотталушы Д. Түркістан қаласындағы базарлардың бірінің аумағынан тауып алған атыс қаруына арналған 16 дана оқ дәрілерді (жауынгерлік патронды) тұрғылықты мекенжайында заңсыз сақтаған.

Сонымен қатар, бірге тұратын жұбайы И.-мен туындаған отбасылық жанжалдар салдарынан сотталушы Д. оны психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру жөнінде қылмыстық ниет пайда болған. Өз жоспарын жүзеге асыру үшін ол таныстары Ю. және М.-мен алдын ала сөз байласқан. Сотталушылар жәбірленушінің қарсылығын басып, қол-аяғын скотчпен байлап, күштеп Шымкент қаласындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығы жеткізіп, сол жерде сотталушы Д. тиісті медициналық құжаттарға қол қою арқылы жәбірленушіні заңсыз мекемеге орналастырған.

СОТ ҮКІМІ

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, куәлардың жауаптарымен, аудио-бейнематериалдармен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот,сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Д.-ға түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ю. және М.-ге әрқайсысы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Моральдық зиянды өтеу есебінде сотталған Д.-дан жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге, ал Ю. және М.-дан әрқайсысынан 3 млн теңгеден өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары