×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Алматыдағы сауда орталықтарында ұрланған заттар сатылған

Бүгін, 12:20
Алматыдағы сауда орталықтарында ұрланған заттар сатылған
Pexels

Алматыда "Көк базар" және "ГУМ" сауда үйінің аумағында ұрланған заттар сатылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Іс-шаралардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігінде және 505-бабы 1-бөлігінде көзделген бестен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әрбір факті бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

ҰРЛАНҒАН ЗАТТАР

Сонымен қатар аудан прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары шеңберінде Алматы қаласының Криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған мүліктің заңсыз айналымына қатысы бар қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен, ұрланған 30 ұялы телефон және 2 планшет табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта алты ұялы телефонның заңды иелері анықталды. Алынған басқа мүлік бойынша жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

ТЕРГЕУ

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабымен (көрінеу қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңсыз сатып алу немесе сату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары