×
501.75
591.96
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.75
591.96
6.52

Павлодардағы колледжде студент өзін пышақпен жарақаттаған

Бүгін, 17:16
Павлодардағы колледжде студент өзін пышақпен жарақаттаған
фото: thesun.co.uk

Павлодардағы колледжде студент өзін пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. 

МӘН-ЖАЙ

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсы аймағында дене жарақатын келтірген. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді.

КӨМЕК

Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Жарақат салу  құралы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары