×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

Щучинскідегі жаралыста қаза тапқандар саны 9-ға жетті

Бүгін, 16:00
Щучинскідегі жаралыста қаза тапқандар саны 9-ға жетті
pixabay.com

Щучинскідегі кафеде болған жаралыста қаза тапқандар саны 9-ға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы Щучинскідегі жарылыс салдарынан 28 адам зардап шеккенін, 7 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын. Оның бесеуі оқиға орнында көз жұмса, екеуі ауруханада қайтыс болды. Тағы бес адам санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілген.

2 наурыздағы жағдай бойынша, «Авиценна-Бурабай» стационарында төрт науқас ем қабылдап жатты, тағы төрт адам Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде болды.

ҚАЗА

Алайда осы уақытқа дейін Щучинскідегі стационарда жатқан ең ауыр жағдайдағы екі науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. Қабылданған барлық шараларға қарамастан, оларды аман алып қалу мүмкін болмаған. Осылайша, 3 наурыздағы жағдай бойынша, қаза тапқандар саны 9 адамға жетті.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханада жарылыс болып, бастапқыда жеті адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында 16 жастағы қыз бар.

 

Серіктес жаңалықтары