×
499.83
581.5
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.83
581.5
6.42

Шымкенттегі тұрғын үйде төрт адам өлі табылды

Бүгін, 08:21
Шымкенттегі тұрғын үйде төрт адам өлі табылды
видео кадры

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға газдан улану себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК-ға сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға Студенттік қалашық шағын ауданында болған. Қаза тапқандар бір подъездегі үш түрлі пәтерден табылған.

Көршілердің айтуынша, бір пәтерден 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті анықталған. Ал екінші қабаттағы басқа пәтерден 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Тағы бір марқұм – үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде тұрған студент қыз.

Үй тұрғындарының бірі алғаш болып 20 жастағы қыздың мәйіті табылғанын айтты. Пәтер иесі жалға берілген үйді тексеруге келген кезде жуынатын бөлменің есігі ішінен жабық тұрғанын байқаған. Есікті ашқан кезде жалға алушы қыздың ванна бөлмесінде өлі жатқанын көрген.

Осыдан кейін оқиға орнына полиция шақырылған. Құтқарушылар подъезді аралап, басқа пәтерлерді де тексере бастаған. Тексеру барысында тағы бірнеше адамның мәйіті табылған.

Үй тұрғындарының сөзінше, подъезде газ секілді иіс бірнеше күн бойы сезілген. Алайда олардың айтуынша, бұл жағдайға байланысты ешқандай шара қолданылмаған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция бұл дерек бойынша адам өліміне әкеп соққан қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары