×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Тасжолда жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 15:16
Тасжолда жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Видео кадры

Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан ірі жол-көлік оқиғасы болды. Қатты боран мен көрінудің нашарлығы салдарынан жеті көлік тізбекті түрде соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Апат қалай болды

Оқиға 10 наурыз күні шамамен сағат 11:00-де Астана – Қарағанды автожолының 147-шақырымында, Ошаганды ауылы маңында, Қарағанды бағытына қарай болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жеті көлік жол апатына түскен. Апаттың негізгі себебі – ауа райының күрт нашарлауы. Жолда қатты жел, боран және қар салдарынан көру деңгейі нашар болған.

Полицияның мәліметінше, соқтығыс тізбекті түрде болған. Алдымен жолда келе жатқан Chevrolet Nexia көлігі Chery Tiggo автокөлігімен соқтығысқан. Одан кейін Toyota Land Cruiser Chery Tiggo-ға соғылған. Кейін жүк көлігі Toyota Land Cruiser-мен соқтығысып, артынша «ҚазАвтоЖол» қызметтік пикапы мен УАЗ Hunter көлігі де апатқа ұшыраған.

Бір адам қаза тапты

Жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Сонымен қатар УАЗ Hunter жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, нақты диагнозы анықталып жатыр.

Айта кетейік, аталған көліктер жол қозғалысына шектеу енгізілгенге дейін тасжолға шыққан.

Қазіргі уақытта апат болған жерде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары