×
489.39
567.99
6.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.99
6.19

Ақтөбеде мектеп маңынан ер адамның бөлшектелген мәйіті табылды

Бүгін, 16:07
Ақтөбеде мектеп маңынан ер адамның бөлшектелген мәйіті табылды
Ашық дереккөзден

Ақтөбеде ер адамның бөлшектелген мәйіті табылды. Қайғылы оқиға №38 мектептің маңындағы көпқабатты үй ауласындағы қоқыс алаңында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам – 1971 жылы туған ер адам. Оның өліміне қатысты нақты мән-жайлар әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр. Алайда полиция бұл іске қатысты басқа мәліметтерді жарияламады.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ

Оқиға туралы ақпарат Ақтөбе тұрғындары арасында тез тарады. Жергілікті чаттар мен мессенджерлерде ата-аналарға балаларын көшеге жалғыз жібермеу туралы ескертулер айтылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары