×
491.29
562.92
6.1
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.29
562.92
6.1

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды референдумда таңдауын жасады

Бүгін, 10:18
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды референдумда таңдауын жасады
Алматы әкімдігінен

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол Ulysmedia тілшісінің “қала халқы неге дауыс беруге аз келеді?” деген сұрағына жауап берді. 

- Себебін айтпай-ақ қояйық. Бірақ үгіт жұмыстары жүрді. Артық нәрсе айтсақ әкім үгіт жүргізді деп жүрмесін. Бірақ уақыт көрсетеді. Кешке дейін күтейік. Келмеген адамдардан сұрайсыздар, – дейді әкім. 

Әкім Таулы қырат шағын ауданындағы №622 референдум учаскесінде дауыс берді. 

Айта кетейік, кейінгі деректер бойынша, Алматы қаласы тұрғындарының 21,68 пайызы референдумға қатысып, өз таңдауын жасаған. 

Жалпы Қазақстан бойынша, республиканың 6 471 378 азаматы дауыс берген. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 %.

Серіктес жаңалықтары