×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауда шенеуніктер кәсіпкерлерге жалға жер бермей қойған

15.02.2023, 14:19
Ақтауда шенеуніктер кәсіпкерлерге жалға жер бермей қойған
фото: ашық дереккөзден

Қаланың жергілікті атқарушы органы кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, бизнес иелері осы әрекет бойынша құзырлы органға шағымданған.

Қолданыстағы заң нормасына сәйкес, жергілікті әкімдік жерді жалға беру мерзімін ұзартуы тиіс. Алайда, жауаптылар жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан 3 ай бойы негізсіз бас тартып келген. 

“Департамент Ақтау қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырды. Нәтижесінде, кәсіпкердің шағымы қанағаттандырылып, жер телімін жалға беру мерзімі ұзартылды”, – делінген хабарламада.