×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жарты миллиард теңгені қолды қылған Маңғыстаумұнайгаз қызметкерлері сотталды

28.09.2021, 12:42
Жарты миллиард теңгені қолды қылған Маңғыстаумұнайгаз қызметкерлері сотталды
фото: Ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қаржылық барлау мәліметтері бойынша, шағын бір күндік фирмалардан басқа қолма-қол ақшаны заңсыз алу схемаларын ірі компаниялар да қолданады.

Айта кету керек, мұндай компаниялардың сомасы 10, тіпті 20 есе жоғары, сәйкесінше мемлекетке айтарлықтай зиян келтіреді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен ақша қаражатын жымқыру дерегінің жолын кесті.

Тергеу барысында 2017-2018 жылдары «ММГ» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Д.Бейсембин және оның орынбасары А.Дәуленбаеваның жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсеткені үшін Д.Лисовой және А.Юндтпен жалған шарттар жасағандығы анықталды.

Бұл ретте, АҚ-ның 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған және оларды қалпына келтіру қажет болмаған. Құжаттардың көшірмелері тегін ұсынылады.

Осылайша, АҚ шоттарынан қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында Д.Лисовойдың атына негізсіз 455 миллион теңгеден астам қаражат аударылды. Көрсетілген қызметтер үшін Д.Лисовой мен А.Юндт әрқайсысы 10 миллион теңге иеленді.

Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.