×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қапшағай қаласының атауы Дінмұхамед Қонаев болып өзгереді

25.03.2022, 12:40
Фото: ашық дереккөзден

Қапшағай қаласының мәслихатындағы тұрақты комиссия бірауыздан осындай шешімге келіп отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті өтініш қала әкімінің атына мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, түрлі этнос ұйымдары сияқты тараптардан келіп түскен.

«Бастама көтергендердің арасында үкіметтік емес мекемелер, «Қамқор жүрек» и «Қапшағай самға», «Ана сәулесі», «Семей полигоны», «Русский центр Алматинской области», «Қапшағай жарқын болашақ» сынды қоғамдық бірлестіктер, «AMANAT», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары, кәсіпкерлер кеңесі бар», – делінген деректе.

Еске сала кетсек, президент таяудағы халыққа жолдауында Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылып, Алматы облысының орталығы болатын Қапшағайға Қонаев есімін беруді ұсынды.