×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Синоптиктер ескерту жариялады: Алматыда қатты дауыл соғады

29.03.2022, 16:29
Фото: zakon.kz

29 наурызда Алматыда қатты дауыл соғуы мүмкін деп, ескерту жарияланды. Жел мен қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Синоптиктер 29 наурызда Алматы қаласында жауын-шашын, оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соғады деп болжап отыр.

30 наурызда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын болады, қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 13 м/с жетеді...Ауа температурасы -3°C, күндіз +8 болады. Түнде тауда тұман түседі.

31 Наурызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с, түнде ауа температурасы -1...-3°C, күндіз +12...+14°C.

1 сәуір де бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с, түнде ауа температурасы -4...-6°C, күндіз +17...+19°C.