×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Төрт баласымен бірге суицид жасамақ болған әйел үйіне өрт қойды

30.03.2022, 18:20
Коллаж: ulysmedia.kz

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, оқиға Жетісай қаласында болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«ЖЕТІСАЙДА не болып жатыр? Ақмарал есімді келіншек, 4 баланың анасы Жетісай Ауданы Әкімдігі мен аудандық полициядан зәбір көргенін айтып соңғы видеосын жіберіпті. Телефонына хабарлассам көтермейді», - деп жазды журналист.

Видео түсірген әйел жоқшылық пен адамдардың түсінбеушілігінен шаршағанын айтады. Оны мұндай қадамға итермелеген Жетісай қаласының әкімдігі екенін алға тартқан.

«Фейсбукте» жазылған журналистің жазбасына Түркістан Облысының Полиция Департаменті жауап берген.

«Сәлеметсіз бе, бейнежазбадағы әйелдің үйіне Жетісай ауданының полиция мен прокуратура қызметкерлері барып, жағдайын білді. Тексеру кезінде бұл жағдай 28.03.2022 жылы болғаны анықталды. Әйелдің үйіндегі жанған зат сол мезетте сөндірілген, балаларына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл отбасы құзырлы орындардың бақылауына алынды», - делінген онда.

Жазбаға пікір білдірушілер балалардың тағдырына алаңдап, әйелді ата-ана құқығынан айыру керектігін ескертіп жатыр. Еске салсақ, былтыр қараша айында Алматыда әйел үш баласымен 9-қабаттан секіріп кетті.