Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.
«Ағымдағы жылдың 24 наурызында Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаменті басшысының м.а. Дадаметовты мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 млн теңге көлемінде айыппұлға соттады», - делінген хабарламада.
Ол Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерінің Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдың жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.