×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Алматыдағы нысандардан ешқандай бомба табылған жоқ

31.03.2022, 18:18
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда «бомба» қойылды деген нысандарды қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты. Нәтижиесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды КТК.

Алматы полиция департаментіне қалада үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және оқу орнына «мина» қойылды деген хабар түскен. Бұған дейін Алматы Полиция департаменті қызметкерлері нысандардың үшеуін тексеріп шықты. Үш банкті саперлер арнайы техникамен қарады. Қауіпсіздік мақсатында барлық нысаннан қызметкер мен келушілер эвакуацияланды. Ақпарат расталған жоқ. Банктер қалыпты режиде жұмыс істеп тұр .

 «Екі сауда үйі мен оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерлерден жарылғыш зат табылған жоқ»,- деп хабарлады полициядан.

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланған.

 «Кешенді тексеру нәтижесінде «бомба» туралы ақпарат расталмады. Әуежай қалыпты жұмысқа көшті», - деп хабарлады әуежай баспасөз қызметінен.

Осы жағдайға байланысты әуежайда 6 рейс кейінге шегерілді.