×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Мені халық емес, депутаттар таңдады": Желіні шулатқан әкім қандай жаза алды

22.02.2023, 08:07
видеодан кадр

Халықпен санасқысы келмеген Алматы облысы Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаевтың мәлімдемесі жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде тараған видеода жергілікті тұрғын әкімге оқиға болған жерге келуі керегін және өзін сайлаған халықпен бірге болуға міндетті екенін айтқан. 

"Сіз қателесесіз. Мені депутаттар таңдады. Егер келесі жолы сайлауға қатысатын болсам, онда халық сайлайды", - деді Жасұлан Оңалбаев.

Бұған шамданған ауыл тұрғыны одан: "Сіз кім үшін жұмыс істейсіз? Депутаттар үшін бе" деп сұраған. Оңалбаев алдымен "жоқ, әрине" деп жауап береді, артынан "иә" деп қосады.

Кеше Оңалбаевқа сөгіс жарияланғаны белгілі болды – бұл туралы өңірдің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары