×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Жетісу мен Алматы облыстары қалай бөлінеді

01.04.2022, 14:39
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаңадан құрылатын Жетісу облысына қандай елдімекендер берілетінін айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, Жетісу облысының аумағында 352 елдімекені бар 8 аудан және 2 қала болса, Алматы облысының құрамында 380 елдімекені бар 9 аудан және 1 қала қалады.

«Біз Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілік-аумақтық құрылым туралы Жарлығын қабылдау жөніндегі іс-қимыл алгоритмін әзірледік.
Облысты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды, оған облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың бірқатар басшылары кірді.
Алматы облысының шекарасын Жетісу облысының жері аумағынан шығару арқылы өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды», – дейді Бозымбаев.

Еске сала кетсек, бүгінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруға қатысты комиссия жұмысын бастады. Ал Алматы облысының орталығына айналуға тиіс Қапшағай қаласының атауы Дінмұхамед Қонаев болып өзгереді.