×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Оқ-дәрілер жерасты пештерінде өртелуде. Жарылыстар жырақта жасалады

02.04.2022, 15:59
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы тиісті инженерлік қойма оқ-дәрі қалдықтарын өз аумағында жоюға арналған құрылғылармен жабдықталған. Оқ-дәрі бөлшектері арнайы жабдықталған жерасты пештерінде өртеледі деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ екеніне сендіреді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, оқ-дәрі қоймасындағы оқиғалардың салдарын жою жұмыстары туралы жергілікті тұрғындар ертерек құлақтандырылады.

Сонымен бірге, инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі жергілікті биліктің шешімімен елдімекендерден жырақ тұрған, арнайы жабдықталған алаңға шығарылып, жойылмақ. Мәселен, ең жақын деген шаруа қожалығы бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан.

«Жару жұмыстары кезінде оқ-дәрілердің алыс қашықтыққа ұшу қаупі жоқ екенін айта кеткен жөн. Әзірге жару жұмыстары басталған жоқ. Жергілікті атқарушы органдар бұл жөнінде тұрғындарды алдын ала хабардар ететін болады», – дейді Қорғаныс министрлігінен.

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Жамбыл облысындағы әскери бөлім аумағында өрт болып, ол алапат жарылыстарға ұласты. Салдарында 17 адам қаза тауып, сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге табылған жоқ.