Павлодар облысы Ақсу қаласындағы бастауыш мектеп оқушыларына арналған түскі астың аздығы ыдыстығын үлкендігімен түсіндірілді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде пайда болған суретте қызылшадан жасалған салаттың кішкентай көлемі ғаламтор пайдаланушыларын таңғалдырғанмен, қаладағы білім бөлімі дес бермей, барлық стандарттың сақталғанын, салаттың екінші тағамға арналған тарелкаға салынғанын айтып отыр.
Жалпы мәзірде кеспе көже, қуырдақ және 60 грамм салат болған.
«Мектепте 1-4 cынып оқушылары тегін тамақтанатындай бекітілген мәзір бар. Мен өзім салмағын өлшедім, ауытқу жоқ», – дейді білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.
Асханадағыларға дәл салат салуға қажет ыдыс сатып алу кеңес етілуде.