×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Жамбыл облысының әкімдігі Жириновский дәптерлеріне түсінік берді

06.04.2022, 11:26
Фото: ашық дереккөзден

Әкімдіктегілер мұғалімнің Ресейдегі Қазақстанға қатысты мәлімдемелерімен атышулы саясаткердің суреті бар оқу құралдарын өз бетімен таратқанын айтып ақталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталған дәптерлер мен орыс халық ертегілерінде ресейлік «ЛДПР» партиясының жетекшісі Владимир Жириновский бейнеленген.

Ресми тарап, бөгде мемлекеттің саяси ұйымы жарнамаланған біртүрлі сыйлықты, 2022 жылдың наурыз айында Тараз қаласындағы №13 мектептің 6-сынып жетекшісі оқу орнының басшылығымен келіспестен оқушыларға үлестіргенін келтіреді. Әлбетте, жалпы Жириновскийдің қазақстандық қоғамдағы жағымсыз кейпінен тыс, мұғалім мәртебесіне қатысты заңда білім беру үдерісі барысында саяси насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынған.

«Ұстазбен түсіндіру әңгімесі өтті. Оған және мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қызметтік әдепті бұзғаны үшін сөгіс жарияланды.  Басқа да өңір педагогтарына мәселенің мән-жайы тарқатылды», - дейді жергілікті атқарушы биліктен.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауруханада ауыр халде жатқан Жириновскийдің өлімі жайлы хабарланғанмен, кейін бұл ақпарат бірден жоққа шығарылды.