×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Astana LRT құрылысына сәуірде қаражат бөлінетін болды

28.02.2023, 11:10
Astana LRT құрылысына сәуірде қаражат бөлінетін болды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Astana LRT құрылысына қатысты біз де, басқа да әріптестеріміз де түсінік бердік. Биыл Astana LRT құрылысына байланысты 50 млрд теңге қосымша қаржы қарастылған. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық», - деді үкімет отырысынан кейін Марат Қарабаев.

Ол жобаның мерзіміне тоқталып, республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі Парламентте талқыланып, қаулыға қол қойылуы керектігін айтты.

«Сәуірде қаржыны әкімдікке береміз деп жоспарлап отырмыз. Біз әкімдікпен де сөйлестік. Олар 2 мәселені көтерді. Біріншіден, (Astana LRT құрылысын) әуежайдан бастаймыз деді, екіншіден, пойызды сатып алуды қаржыландырамыз деп отыр. Бүгін жобаға қаржы бөлу мәселесін республикалық бюджетте қарастырдық. Одан кейін жергілікті органға жер беру, ол мердігерге жер беру мәселесі бар. Соның нәтижесінде құрылыс басталады.