×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Павлодар облысында 2 мыңға жуық адам азаматтығынан айырылды

29.09.2021, 14:27
Павлодар облысында 2 мыңға жуық адам азаматтығынан айырылды
фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Павлодар облысында 1 726 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазір павлодарлық полиция департаменті көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр, дейді polisia.kz.

«Жыл басынан бастап Павлодар облысында 1 726 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу жазасы тіркелді. 160 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның 32-сі Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылды», – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан Республикасының азаматтары басқа мемлекеттің, негізінен Ресей Федерациясының азаматтығын ала отырып, Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланатын үрдіс өсіп келеді. Мемлекеттік шекараны кесіп өту, билет сатып алу және т.б. кезінде, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес әртүрлі себептер бойынша 30 күн мерзімде бұл туралы Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Астрахань, Қазан қалаларында орналасқан полиция органдарына немесе ҚР СІМ-нің шет елдердегі мекемелеріне хабарламайды.

«Өткен жылы тартылғандардың басым бөлігі – 1990 жылдың аяғынан, 2000 жылдың басынан бастап екі мемлекетте зейнетақы алатын зейнет жасындағы азаматтар. Тиісінше, олар ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Ол бойынша 200 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу көзделген. Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланғаны үшін ҚР азаматтығынан айырылған тұлғаларға 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған», – деп түсіндірді Уәлиев.

Мәселен, 2002 жылдан бастап Ресей азаматы болып саналатын 60 жастағы әйел бұл туралы полиция органдарына хабарламаған. Оның үстіне 2006 жылы қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ҚР куәлігімен құжатталған. Басқа жағдайда 57 жастағы азамат Нидерланд Корольдігінің азаматтығын алған. Ол 2003 жылы бұл туралы тиісті органдарға хабарламаған. Сонымен қатар олар Қазақстан Республикасының паспортымен мемлекеттік шекараны кесіп өткен, осыған байланысты екеуі де ҚР ӘҚБК 496-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.