×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Орындалмаған уәделер: Оңтүстікте 180-ге жуық ауыл әлі күнге дейін интернетсіз отыр

02.03.2023, 08:19
Орындалмаған уәделер: Оңтүстікте 180-ге жуық ауыл әлі күнге дейін интернетсіз отыр
Коллаж: Ulysmedia.kz

Түркістан облысының 831 елді мекенінің 177-сінде әлі күнге дейін интернет жоқ. Ал 62 ауыл тіпті ұялы байланыссыз отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Otyrar-дың жазуынша, цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, 2022 жылы Түркістан қаласында бейнебақылау камераларының санын 3127-ге жеткізу жоспарланған болатын. Бірақ бұл жоспар да орындалмаған. Ауылдық жерлерде байланыс пен интернеттің сапасы нашар.

Үкімет талшықты-оптикалық байланыс желілерімен 400-ге жуық елді мекенді және 758 мемлекеттік мекемені қамтуға уәде беріп отыр. Бұдан бөлек, халықаралық, республикалық және облыстық жолдардың 4737 шақырымы 4G технологияларымен қамтылуы тиіс.

Өкінішке қарай, тұрғындарды сапалы интернетпен қамту мәселесі ауыл-аймақтарда ғана емес, Астананың өзінде әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Мұны қала әкімі Жеңіс Қасымбек мойындаған. Интернеттің сапасы мен жылдамдығы неліктен көңіл көншітпейтінін түсіндірген. 

«Қаламызда мұндай проблемалар бары жасырын емес. Негізінен құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандар мен елді мекендерде кездеседі. Сондай-ақ интернет құрылыс қарқынына ілесе алмай келе жатқан жағдай бар», - деді Қасымбек.

Әкімнің сөзінше, бұдан былай құрылыс компанияларына байланыс ғимараттарының да құрылысын ескеру тапсырылатын болады. Ал байланыс операторлары мен өзге де жауапты органдар құрылысты жоспарлауға қатысады.