×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Елде жылқы басы 11%-ға өссе, шошқа саны – 5%-ға кеміді

15.04.2022, 16:09
Фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық санатында  ірі қара мал басы 4,4%-ға, түйе 6,9%-ға, жылқы саны 11,1%-ға, құс – 10,5%-ға, қой мен ешкі 4,1%-ға ұлғайды. Шошқа саны – 5%-ға кеміді, деп хабарлайды Статистика бюросы.

Мал басы негізінен халық шаруашылықтарында шоғырланған: ірі қара мал – 52,3%, қой мен ешкі – 52,5%, шошқа – 56%, түйе – 50%, жылқы – 44,1%. Құс саны ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған (жалпы санынан 73,4%). Төмендегі кестеде былтырғы және биылғы мал саны анық көрсетілген. Мәселен, былтыр елде 7 млн 850 мың ірі қара болса, былтыр оның басы 8 млн 192 мыңға жеткен. Ал былтыр елде 817 мың шошқа болса, биыл ол 776 мыңға дейін кеміген. Жылқы басы мен құс саны да артқаны байқалады.

2020 жылмен салыстырғанда еттің барлық түрінің тірідей салмақтағы өндірісі 5%-ға және сойыс салмағы 5,3% ұлғайды. Сүт 3,2%-ға көп сауылды, жүн – 2,5%-ға ұлғайды, ал жұмыртқа керісінше 4,5%-ға кеміді.