×
433.3
464.19
6.48
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
433.3
464.19
6.48

Атырау облысы полицейлерге медаль беру үшін қанша жұмсады

15.04.2022, 17:02
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы екі жылда облыс полиция қызметкерлерін медаль, төсбелгімен марапаттауға 10 млн теңгеге жуық қаражат жұмсаған деп хабарлайды «Мемсатыпалуға саяхат» телегарм арнасы.

Бір көзден тікелей сатып алу әдісі кең тараған жүйе Ұлттық Банктен мемлекеттік наградаларды сатып алу жолы. Біздің елімізде ең көп марапаттарды ІІМ сатып алады. Бүгін Атырау облыстық полиция департаменті жыл сайын қанша марапатқа тапсырыс беріп отырғанына тоқталсақ.

Соңғы екі жылда аталған Департамент өз қызметкерлері үшін 1000-нан астам награда және 205 төс белгі сатып алған. Оған 10 млн теңгеге жуық қаражат жұмсады.

2020 және 2021 жылдары "Халық алғысы", "Ішкі істер органдарының үздігі", "ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін", "Ішкі істер органдарының ардагері" медальдары мен төсбелгілері дайындалды.

Ең көп таралған марапат 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалі болды. 2021 жылы 440 данаға тапсырыс берілген. Ол ішкі істер органдарында 10 жыл жұмыс істегені үшін беріледі.

Биыл Департамент пен Ұлттық банк арасындағы келісім-шарт сомасы 3,6 млн теңгені құрап отыр. Бірақ жыл енді басталғанын ескеру керек.   Осылайша, 373 қызметкер "Қазақстан полициясына 30 жыл" белгісімен марапатталады, оның 50 данасы 13 608 теңге тұратын винил қорапта болуы керек.